18 ақпан күні Жақсы аудандық орталық кітапханасының кітапханашылары «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында жастармен «Тәрбие мен дәстүр» тәқырыбында әңгіме өткізді.
Әңгіме барысында адамгершілік тәрбие, әдеп нормаларын сақтау және ұлттық дәстүрлерді құрметтеу мәселелері талқыланды. Қатысушылар тұлғаның қалыптасуындағы отбасы тәрбиесінің маңызы, қоғамдағы заң мен тәртіптің рөлі, сондай-ақ, рухани және мәдени құндылықтарды сақтаудың қажеттілігі туралы ой бөлісті.
Іс-шарада тәрбие мен дәстүрдің өскелең ұрпақтың қалыптасуындағы берік негізі екені ерекше атап өтілді. Жастар пікір алмасуға белсенді қатысып, өмірден мысалдар келтірді.