"Жақсы ауданының Орталықтандырылған кітапхана жүйесі" - сізді мәдениетке жеткізеді!
Орталықтандырылған кітапхана жүйесі
Жақсы ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі
"Жақсы ауданының Орталықтандырылған кітапхана жүйесі" - сізді мәдениетке жеткізеді!
AA+
Орталықтандырылған кітапхана жүйесі
Жақсы ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі
Мекен - жайы: Ақмола облысы, Жақсы ауданы, Жақсы ауылы, Дружба көшесі, 14
Телефон:
+7 7143 33 89 26

26 мамырда Қима ауылдық кітапханасы ҰОС - ның 80 жылдығына орай "Ұлы отан батырлары: Рахымжан Қошқарбаев, Георгий Болатов" фильмінің көрсетілімін ұйымдастырды. Фильмнен басқа "Ұлы ерлік беттері: Ұлы Отан соғысы туралы кітаптар"атты кітап көрмесі ұсынылды. Көргеннен кейін оқырмандар оқиғаның жаңа беттерін ашып, фильмді қызығушылықпен талқылады. Катысту: 11 адам.


24 сәуір күні Моховое ауылдық кітапханасында батыр қыз Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған «Аңызға айналған қыз» атты ерлік сабағы қалың оқырман қауымға арналды. Іс-шарада қатысушылар Әлияның өмірбаянынан, Ұлы Отан соғысына дейінгі өмірі, майданға қалай баруды өтінгендігі, ерліктері туралы мәліметтермен танысып, жауынгерлік жолдастарының ол туралы жазған пікірлерін тыңдады.Жиналғандар Ұлы Отан соғысына қатысқан аталарын да еске алып, ауылымыздың ардагерлерімен альбомды ақтарды. Шара соңында барлық қатысушыларға Әлия Молдағұлованың өмірбаяны жазылған буклеттер таратылды.


Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында Киевское ауылының кітапханашысы осы айтулы оқиғаға арналған тақырыптық көрме дайындады. Біз баршаңызды біздің көрмені тамашалауға шақырамыз, онда Ұлы Отан соғысы жылдарындағы кеңес халқының ерлігі, батылдығы мен қайсарлығы туралы баяндайтын кітаптар, құжаттар мен фотосуреттерді көруге болады.


2025 жылдың 23 - 25 сәуірінде Жақсы аудандық орталық кітапханасының кітапханашылары Жастар ресурстық орталығымен бірлесе отырып, аудан ұйымының оқырмандары үшін Ұлттық кітап күніне арналған үш күндік «Кітапта қонақта» атты әдеби жәрмеңкесін өткізді.
Әдеби жәрмеңкенің бірінші күні оқырмандарды кітапхана қорына түскен махаббат туралы әдебиеттерімен таң қалдырды. Әрбір оқырман махаббат туралы жолдар арасынан өз шабытын таба алады.
Екінші күні балаларды тосын сый күтіп тұрды - орталық аудандық кітапхананың оқырмандарын әйгілі әдеби шығармалардың кейіпкерлері қарсы алды, балалар сиқырлы, таңғажайып ертегілер әлеміне еніп кетті. 
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған жәрмеңкенің үшінші күнінде оқырмандар назарына Ұлы Жеңіс туралы баяндайтын көркем шығармалар ұсынылды.
Бұл іс - шараның маңыздылығы Ұлы Отан соғысының қатал сынақтарынан өткен ардагерлерге терең ризашылық білдіру және бізге осы Жеңіс күнін сыйлағандарды еске алып, құрмет көрсету мүмкіндігінде жатыр!
Шын жүрекпен берілген оқырмандар Жеңіс туралы өлеңдер оқыды және әңдер шырқады.
Бұл жай ғана әдеби жәрмеңке емес - бұл жан үшін нағыз мереке болды! Оқырмандар кітаптар еліне саяхат жасады және олар әлі оқымаған көптеген қызықты нәрселерге таң қалды. Әр оқырман өзіне ұнайтын кітаптарды таңдады!


21 сәуірде Қима ауылдық кітапханасының кітапханашысы Интернет пайдаланушыларына ҰОС жылдарындағы қыздарға, әйелдерге арналған бейнероликті жариялауға дайындады. Әйелдер мейірбикелер мен сигнал берушілерден бастап майдандағы ұшқыштарға, мергендер мен танкистерге дейін, зауыт жұмысшыларынан бастап фермерлер мен тылдағы еріктілерге дейін әртүрлі тапсырмаларды орындады. Жеңістің 80 жылдығына орай сапалы және мазмұнды бейнероликтер жариялау маңызды тарихи мәліметтерді жеткізудің, эмоционалды реакция туғызудың және халықтың ұлы подігі туралы естеліктерді сақтауға ықпал етудің тиімді тәсілі болып табылады.


2025 жылдың 21 сәуірінде, Жеңістің 80 жылдығына орай, Жаңақима модельді ауылдық кітапханасының қызметкерлері «Майданнан келген хаттар» атты театрландырылған көрініс өткізді.
Шараның басты кейіпкерлері - майданнан келген жауынгерлік хаттар. Бұл хаттарды аналар, жарлар, әпке - қарындастар қаншалықты асыға күткенін көрсетеді. Сол аз ғана жолдарды оқи отырып, Жеңістің қалай келгенін елестеуге болады.
Солдаттар не жазса да, хаттардың негізгі тақырыбы - «Мен тірімін, сіздер де аман - сау болыңыздар». «Әскери пошта» мөрі басылған үшбұрыш замандағы символдардың бірі болып қала бермек.


14 сәуірде Қима ауылдық кітапханасы Интернет пайдаланушыларына Жеңістің 80 жылдығына арналған бейнероликтерді жариялауға дайындады. Жеңістің 80 жылдығына арналған сапалы және мазмұнды бейнероликтерді жариялау маңызды тарихи мәліметтерді жеткізудің, эмоционалды реакция туғызудың және кеңес халқының ұлы подвигі туралы естеліктерді сақтауға ықпал етудің тиімді әдісі болып табылады.


9 сәуірде Жеңіс күнінің 80 жылдығына орай Қима ауылдық кітапханасы оқырмандардың орта тобы үшін жерлес батырларға, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне арналған "Баршаға ортақ жеңіс" атты тарих сағатын өткізді. Кітапханашы іс - шараға қатысушыларға Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қарулы күштердің қалыптасу тарихы, соғыс жылдарындағы қазақстандықтардың ерлігі туралы айтып берді. Іс - шара барысында біздің жерлестерімізге басты назар аударылды, олардың ерліктері тек кітап беттерінде ғана емес, ұрпақтарының жүрегінде де қалды. Тарихтың бір бөлігі "Ер есімі - ел есімде" кітап көрмесі - стендімен толықтырылды, онда Ұлы Отан соғысы туралы кітаптар, альбомдар, газеттерден мақалалар ұсынылды. Катысту: 12 адам.

2025 жылдың 9 сәуірінде Жаңақима модельді ауылдық кітапханасы көрме, соғыс кітаптары туралы шағын әңгімелер, «Уақыт пен естелік» атты акция өткізді. Іс - шараға өрт сөндіру бөлімінің жауынгерлері, әкімдік, дәрігерлік амбулатория қызметкері және т. б. қатысты.
Акцияға қатысушылар соғыс туралы әдебиеттермен, Жаңақима ауылдық округінің ардагерлері мен тыл еңбеккерлерімен танысты.
Бұл іс - шаралар тек тарихпен танысу ғана емес, ата - бабалардың ерлігін есте сақтап, құрметтеп, мақтан тұту қажеттігін ұғындыратын маңызды батылдық сабағына айналды. Акциямен 58 адам қамтылды.


11 сәуір күні сағат 16.00 - де орталық аудандық кітапхананың қызметкерлері оқырмандардың кең ауқымы үшін Әлия Молдағұлованың туғанына 100 жыл толуына орай «Тарихта қалған батыр қыз» библиожурфиксін өткізді.
Іс - шараны жүргізушілер Қазақстанның символына айналған аты аңызға айналған, ержүрек қыздың өмірі, Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлова туралы әңгіме бастады. Олар соғыс қимылдарына қатысқан қазақ қыздарының арасында Кеңес Одағының Батыры - Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова атағы (қайтыс болғаннан кейін) ғана берілгенін атап өтті.
Іс - шара барысында Ұлттық кейіпкердің өмір жолы мен шайқас даласында жасаған батырлығы туралы көркем - деректі фильмнен үзінді көрсетілді.
Сондай - ақ, Әлия әскери бөлімге келген сәттен бастап театрландырылған қойылым дайындалды, ол соғыс уақытындағы қиын жағдайда әпкесіне хат жазды.
Іс - шараға ардагерлер кеңесінің төрағасы К. Б. Мугалова қатысты ол Әлиянің батырлығы мен батылдығы туралы өз көзқарасымен бөлісті, және өз Отанының патриоты болу, өз елін, халқын, жерін сүю қаншалықты маңызды екенін айтты.
Іс - шара соңында Ұлы Отан соғысы батырларының фото - кітап көрмесі ұсынылды.

Мемлекеттік бағдарламалар