Орталық аудандық кітапхананың тұрақты оқырманы бағдагүл нұржанова «заң мен тәртіп» челленджіне бастамашы болды.
Көп жылдан бері кітапхананың белсенді әрі адал оқырманы болып келе жатқан бағдагүл нұржанова мәдени және қоғамдық іс-шараларға белсене қатысып келеді. Ол жас ұрпаққа арнаған шынайы үндеуінде саналы, елінің лайықты азаматы болуға, заңды құрметтеуге және тәртіпті, жасампаз өмір салтын таңдауға шақырады.
«заң мен тәртіп» челленджі — бұл жай ғана акция емес, заңға құрмет пен жауапкершілікке негізделген құқықтық қоғам қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам.