Белагаш ауылдық кітапханасында 2026 жылғы 12 ақпанда экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған «Стоп террор: сенің таңдауың – өмір!» атты подкаст-пікірталас өткізілді. Подкаст ашық диалог форматында өтіп, қатысушылар өз ойларын еркін білдіріп, қызықтырған сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды. Іс-шара аясында экстремистік әрекеттердің зардаптарын және қоғамдағы бейбітшілік пен тұрақтылықтың маңыздылығын көрсететін бейнероликтің көрсетілімі ұйымдастырылды. Іс-шара құқықтық мәдениетті арттыруға және бейбітшілік, келісім мен өмірді таңдау – әрбір адамның жауапкершілігі екенін түсінуге ықпал етті.
