22 сәуір күні Киров ауылдық кітапханасында кең оқырмандар қауымына арналған қазіргі қоғамдағы өзекті мәселе – сыбайлас жемқорлық тақырыбына арналған пікірталас өтті. Іс-шара барысында қатысушылар сыбайлас жемқорлықтың пайда болу себептерін, оның мемлекет пен қоғам дамуына тигізетін кері әсерін, сондай-ақ оның алдын алу жолдарын талқылады. Азаматтардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, адалдық пен жауапкершілік мәселелеріне ерекше назар аударылды.
