"Жақсы ауданының Орталықтандырылған кітапхана жүйесі" - сізді мәдениетке жеткізеді!
Орталықтандырылған кітапхана жүйесі
Жақсы ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі
"Жақсы ауданының Орталықтандырылған кітапхана жүйесі" - сізді мәдениетке жеткізеді!
AA+
Орталықтандырылған кітапхана жүйесі
Жақсы ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі
Мекен - жайы: Ақмола облысы, Жақсы ауданы, Жақсы ауылы, Дружба көшесі, 14
Телефон:
+7 7143 33 89 26

2026 жылдың 9 ақпанында Жаңақима ауылдық модельді кітапханасы ауылдық Мәдениет үйімен бірлесе отырып, учаскелік полиция капитаны С.З. Омаровпен құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған «Егер сіз өз құқығыңызды білмесеніз» атты өзекті пікірталас өткізді. Кездесу басында кітапханашы қоғам және әрбір жеке адам өміріндегі заңдардың маңыздылығына тоқталып, өз құқықтары мен міндеттерін білу жанжал мен заң бұзушылықтарды болдырмауға көмектесетінін атап өтті. Полиция капитаны С.З. Омаров жиналғандарды «Құқықтық тәртіп», «Заңға қайшы әрекеттердің салдары» және т.б негізгі ұғымдармен таныстырды. Ағымдағы тақырыптарға ерекше назар аударылды: бұзақылық үшін жауапкершілік, тыныштықты бұзу және т.б. Пікірталас өмірден алынған мысалдармен ұштасып жатты. Материалды бекіту үшін пікірталас жүргізіліп, қатысушылар белсенді түрде өз пікірлерін білдірді. Сондай-ақ тақырыптық кітап көрмесі ұсынылды. Өзекті әңгіме сенімді әрі танымдық атмосферада өтті.

Мемлекеттік бағдарламалар