19 қарашада Тарасов ауылдық кітапханасында аты аңызға айналған батыр Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына орай "Жерлес батырлар мәңгі есте болсын" атты тарих сағаты өткізілді. Іс-шара барысында кітапханашы оқырмандарға батырдың өмірі мен жауынгерлік жолы, оның Ұлы Отан соғысындағы рөлі, Отан алдындағы еңбегі мен әдеби мұрасы туралы айтып берді. Момышұлының шығармаларынан үзінділер мен замандастарының естеліктері айтылды. Соңында "Ұрпаққа үлесі-Бауыржан Момышұлы" атты кітап көрмесіне шолу жасалып, оның өмірі туралы кітаптар мен автордың шығармалары ұсынылды. Іс-шара жылы, мазмұнды атмосферада өтті, қатысушылар батырды бір минут үнсіздікпен еске алды.
