23 ақпанда Киров ауылдық кітапханасында кең оқырман қауымға арналған «Жамбыл жыры — халық үні» атты поэзиялық кеш өтті. Шара қазақтың ұлы ақыны —Жамбыл Жабаев шығармашылығына арналды. Кеш барысында қатысушылар ақынның өмірі мен шығармашылық мұрасымен танысты. Жамбылдың белгілі өлеңдері мен шығармаларынан үзінділер оқылды. «Жамбыл — халық жүрегінде» атты кітап көрмесі ерекше қызығушылық тудырды. Көрмеде ақынның өлеңдер жинақтары, өмірі мен шығармашылығы туралы материалдар ұсынылды. Кітапхана оқырмандары ақынның бай әдеби мұрасымен жақынырақ танысуға мүмкіндік алды. Поэтикалық кешке 13 адам қатысты
