2026 жылдың 18 ақпанында Жаңақима ауылдық модельді кітапханасында заңгер ғалым Салық Зимановтың 105 жылдығына орай «Салық Зиманов – заң ғылымының алыбы» атты тарихи-танымдық пікірталас өтті.
Шара барысында оқырмандарға Салық Зимановтың өмір жолы, оның ішінде Ұлы Отан соғысына қатысуы, ғалым ретінде қалыптасуы, мемлекет және құқық тарихына арналған еңбектері және т.б. ақпараттар берілді.
Оның заң үстемдігі қағидаттарын нығайтудағы рөліне ерекше назар аударылды. Оқырмандарға Конституцияның маңызы мен ел дамуындағы ғылымның рөлі туралы сұрақтар қойып, қызығушылықтарын білдірді.
Салық Зимановтың мерейтойына арналған тәрбиелік мәні бар пікірталас өткізудің тәрбиелік және дамытушылық мәні зор және өскелең ұрпақтың белсенді азаматтық белсенділігін дамытуға ықпал етеді.
