Лозовое модельді кітапханасының кітапханашысы Салық Зимановтың 105 жылдығына орай «Заң ғылымының патриархы» атты бейнеролик дайындалып, әлеуметтік желілерде жарияланды. Бейнематериалда ғалымның өмірбаянының негізгі кезеңдері, ғылымды дамытуға және қоғамдық қызметке қосқан үлесі, сондай-ақ еңбектерінің қазіргі қоғам үшін маңыздылығы көрініс тапқан. Бейнеролик мерейтой иесінің мұрасын насихаттау және оның жетістіктерін кең аудиторияға таныстыру мақсатында әзірленді.