2026 жылдың 19 мамырында Моховое ауылдық кітапханасында Олжас Сүлейменовтың 90 жылдығына арналған «Өз дәуірінің лайықты перзенті» атты өмірбаян сағаты өтті. Шара барысында қатысушылар атақты ақынның өмірі мен шығармашылығы, оның қазақ әдебиеті мен мәдениетін дамытуға қосқан үлесі туралы білді. Оқырмандарға тақырыптық пікірталас пен автордың кітаптарына шолу да дайындалды.
