Ешім ауылдық кітапханасы Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына арналған "Туған жердің адал перзенті" атты әдеби іс-шара өткізді. Шара барысында оқырмандарға ғалымның өмірі мен ғылыми мұрасы туралы қысқаша мәлімет беріліп, оның саяхаттары мен зерттеулеріне қатысты материалдар көрсетілді. "Шоқан- ұлт перзенті" атты шағын кітап көрмесі ұйымдастырылды. Іс - шара Уәлихановтың тарих пен мәдениеттегі маңызды орнын айқындады.
