24 сәуірде көрнекті қазақ жазушысы, ақын және қоғам қайраткері Сәбит Мұқановтың 125 жылдығын мерекелеу аясында Запорожье ауылдық кітапханасында оқырмандардың орта тобы үшін «Тарихи тұлға» атты кеш - портрет өткізілді.
Кеш Сәбит Мұқанов, оның балалық шағы, жастық шағы, шығармашылық жолы және қазақ әдебиетінің дамуына қосқан үлесі туралы қысқаша өмірбаяндық анықтамадан басталды. «Ботагөз», «Сырдария», «Өмір мектебі» романдарына ерекше назар аударылды. Кітапханашы кітап көрмесін рәсімдеп, онда Сәбит Мұқановтың белгілі туындылары мен оның өмірі мен шығармашылығы туралы әдебиеттер ұсынылды. Оқырмандар кітаптарды қызығушылықпен қарап, сұрақтар қойып, өз әсерлерімен бөлісті