Жақсы орталық аудандық кітапханасының кітапханашысы Жақсы жалпы білім беретін №2 мектебінде орта және жоғары сынып оқушылары үшін ұлы ғалым және ағартушы Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына арналған «Шоқан Уәлиханов-жарқын жұлдыз» атты еске алу кешін өткізді.
Кітапханашы оқушыларға Шоқанның өмірі, ер жүрек сапарлары, ғылыми жаңалықтары және қазақ мәдениеті мен тарихындағы зор орны туралы әңгімеледі, сонымен қатар кітапханашы оқушылармен ұлы ғалымның өмірі мен қызметі туралы викторина өткізді.
Іс-шараға «Шоқан мұрасы-ұрпаққа аманат», атты кітап көрмесі ұйымдастырылды, көрме бойынша мазмұнды шолу жасалды. Оқушылар ұсынылған әдебиеттерге үлкен қызығушылық танытты.