Ш. Уәлихановтың 190 жылдығына орай Жақсы аудандық кітапханасының кітапханашылары оқырмандардың үлкен тобына «Шоқан Уәлиханов – жарқын жұлдыз» атты әдеби кеш өткізді. Оқушылар кітапхана қорының кітаптарымен танысты, сонымен қатар кітапханашы оқушылармен ұлы ғалымның өмірі мен қызметі туралы викторина өткізді.
Іс - шара соңында «Шоқан асқан асулар» әдебиетіне библиографиялық шолу жүргізілді. Мақсаты - оқушылардың Шоқан Уәлихановтың өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерін кеңейту, отансүйгіштік сезімін тәрбиелеу. оқушылардың ой - өрісін кеңейту, Географияны, өз елінің тарихын зерттеуге деген қызығушылықты ояту.