06 қараша 2025 жылы Перекатное ауылдық кітапханасының кітапханашысы оқырмандармен "Шоқан Уәлиханов – қазақтың ұлы ғалымы" атты тарихи сағат өткізді.Қазақтың ұлы ғалымы, зерттеуші, ағартушы Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың 190 жылдығына орай өмірі мен ғылыми мұрасы оқырмандарға таныстырылды. Тарихи сағатты кітапханашы кіріспе сөзбен бастап, Шоқан Уәлихановтың өмір жолы, туған жері, отбасы, білім алған орындары туралы қысқаша мәлімет берді. Шоқанның Орталық Азияны зерттеудегі рөлі, Қашқарияға саяхаты, орыс ғалымдарымен байланысы, этнография, тарих және география саласына қосқан үлесі атап өтілді. Көрсетілім ретінде Шоқан туралы слайдтар мен деректі бейнематериалдар ұсынылды. Іс-шара оқырмандардың тарихи танымын арттырып, Шоқан Уәлихановтың өмірі мен еңбектеріне деген қызығушылығын оятты. Қатысушылар белсенділік танытып, ғалымның ғылыми мұрасы туралы өз ойларын ортаға салды.
