"Жақсы ауданының Орталықтандырылған кітапхана жүйесі" - сізді мәдениетке жеткізеді!
Орталықтандырылған кітапхана жүйесі
Жақсы ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі
"Жақсы ауданының Орталықтандырылған кітапхана жүйесі" - сізді мәдениетке жеткізеді!
AA+
Орталықтандырылған кітапхана жүйесі
Жақсы ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі
Мекен - жайы: Ақмола облысы, Жақсы ауданы, Жақсы ауылы, Дружба көшесі, 14
Телефон:
+7 7143 33 89 26

Киров ауылдық кітапханасында америкалық жазушы, «Желмен бірге кеткендер» романының авторы Маргарет Митчеллдің туғанына 125 жыл толуына орай «Шедевр жаратқан әйел-Маргарет Митчелл» атты әдеби-танымдық сағат өтті.  Іс-шара барысында кітапханашы жазушының өмірі мен шығармашылық жолы туралы айтып, оның ХХ ғасырдағы ең танымал туындыларының бірін қалай жазғанын баяндады.  Оқырмандар романның жазылу тарихы, оның әлемдік табысы мен экранизациясы туралы қызықты деректермен танысты. Іс-шарада кітаптан үзінділер оқылып, жазушы мен оның шығармашылығына арналған шағын көрме ұйымдастырылды. Әдеби сағат қатысушыларды Митчелл бейнелеген дәуірдің рухына тереңірек бойлатты және үлкен қызығушылық тудырды.

Мемлекеттік бағдарламалар