29 қазан күні Новокиенка ауылдық кітапханасының кітапханашысы жазушы, ақын, драматург Константин Симоновтың туғанына 110 жыл толуына орай «Сөз ерлігі» атты бейнеролик дайындап, кең ауқымды оқырмандарға ұсынды.
Бейнероликте автордың өмірі мен шығармашылық жолы, әскери әдебиетке, журналистика мен театрға қосқан үлесі туралы баяндалады.
Бұл жұмыс ұлы қаламгердің есімін ұлықтауға, әдеби мұраға қызығушылықты арттыруға және өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беруге бағытталған.