2026 жылғы 18 мамыр күні Қима ауылдық кітапханасында жасөспірім оқырмандарға Олжас Сүлейменовтің 90- жылдығына орай «Сөз бен өнерге арналған ғұмыр» атты поэзиялық көңіл-күй кеші өткізілді. Іс-шара барысында оқырмандар ақын, әдебиеттанушы және қоғам қайраткерінің өмірбаянынан қызықты деректермен танысты. Кеш аясында ақынның өлеңдері мәнерлеп оқылды. Сонымен қатар, жазушының өмірі мен шығармашылығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.
