2026 жылғы 7 сәуір күні Жаңақима модельді ауылдық кітапханасында Қажымұқан Мұңайтпасұлының 155 жылдығына орай «Оның есімі – мәңгі жадымызда» атты ақпараттық досье өткізілді.
Іс-шара барысында оқырмандарға қазақтың атақты балуанының өмірі мен спорттағы жетістіктері туралы мазмұнды мәліметтер ұсынылды. Қатысушылар оның күш-қайраты, ерлігі және ел абыройын асқақтатудағы еңбегі туралы қызықты деректермен танысты.
Кітапхана қызметкерлері Қажымұқанның өмір жолына арналған кітап көрмесін ұйымдастырды.