Балалар кітапханашылары Қайым Мұхамедхановтың 110 жылдығына орай кітапханада «Ойы биік, жаны таза ғалым» атты медиа-саяхат ұйымдастырылды. Медиа-саяхат барысында қатысушыларға ғалымның өмірі туралы бейнематериалдар көрсетіліп, слайд-презентация ұсынылды. Сонымен қатар, Қайым Мұхамедхановтың Абайтану саласындағы еңбектері, ғылыми зерттеулері мен жазушылық қызметі жөнінде ақпарат берілді. Қатысушылар оның кітаптарымен танысып, пікір алмасып, сұрақ-жауап ұйымдастырылды. Іс-шараға барлығы 10 адам қатысты. Медиа-саяхат танымдық сипатта өтіп, қатысушылардың әдебиетке, ғылымға деген қызығушылығын арттырды.