2025 жылдың 2 желтоқсанында Жаңақима ауылдық модельді кітапханасы Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына орай ортаңғы топ балалары үшін «Ой әміршісі, қайталанбас данышпан» атты ауызша журнал өткізді.
Шара барысында оқырмандар Бауыржан Момышұлының ерлік жолы мен әдеби мұрасымен танысты. Ол біртуар дара тұлға, қылыш қана емес, кемеңгер қаламгер еді. Соғыс туралы шындықты әшекейсіз жазды. Ол екі тілде-қазақ және орыс тілдерінде екеуін бірдей меңгерген.
Кітап көрмесі ұйымдастырылып, Бауыржан Момышұлының кітаптары мен оның өмірі мен шығармашылығына арналған кітаптар қойылды.