23 сәуірде Калининское ауылының кітапханасында оқырмандардың кең ауқымы үшін, Нұрғиса Тілендиевтің 100 - жылдығына орай «Өнерін өнеге еткен Нұрғиса Тілендиев» тақырыбында әдеби сағат өткізілді. Іс - шараның негізгі бөлігінде қатысушыларға қазақ халқының ХХ ғасырда өмір сүрген ұлы сазгері Нұрғиса Тілендиевтің өмірі, өнері, шығармашылығы туралы мәлімет берілді, тақырыптық презентация көрсетілді. Іс - шараның соңында оқырмандарға Нұрғиса Тілендиев туралы қысқаша бейнероликтер көрсетілді.