23 ақпан күні Жақсы аудандық орталық кітапханасының кітапханашылары композитор, Қазақстанның халық әртісі Кеңес Дүйсекеевтің 80 жылдық мерейтойына орай кең оқырман қауымға арналған «Өмірлік әндер» атты әдеби-музыкалық караоке кешін ұйымдастырды.
Кеш барысында қатысушылар сазгердің өмір жолы мен шығармашылық мұрасы туралы мазмұнды мәліметтер алып, оның ел жүрегінен орын алған танымал әндерін орындады. Әдеби-музыкалық кеш мазмұнды да әсерлі өтіп, қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй мен ерекше әсер сыйлады. 114 адам қатысты.