Жақсы аудандық орталық кітапханасының кітапханашылары көпшілік оқырманға арналған Сәбит Оразбаевтың туғанына 90 жыл толуына орай «Өмір өзі театр» атты портрет кешін өткізді.
Кітапханашылар көрнекті өнер қайраткерінің өмірі мен шығармашылық жолын таныстырып, оның мәдениет пен өнер саласына қосқан зор үлесін атап өтті.
Іс-шара барысында қатысушылар оның өмірі мен шығармашылығына арналған бейнефильмді тамашалап, мәдениетке қосқан зор үлесімен жақынырақ танысты.
Іс-шара көрнекті тұлғаның шығармашылық мұрасын насихаттауға бағытталып, мазмұнды да тағылымды жағдайда өтті.
