"Жақсы ауданының Орталықтандырылған кітапхана жүйесі" - сізді мәдениетке жеткізеді!
Орталықтандырылған кітапхана жүйесі
Жақсы ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі
"Жақсы ауданының Орталықтандырылған кітапхана жүйесі" - сізді мәдениетке жеткізеді!
AA+
Орталықтандырылған кітапхана жүйесі
Жақсы ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі
Мекен - жайы: Ақмола облысы, Жақсы ауданы, Жақсы ауылы, Дружба көшесі, 14
Телефон:
+7 7143 33 89 26

10 ақпанда Запорожье ауылдық модельдік кітапханасында мәдениет саласының көрнекті өкілі, шығармашылығы отандық өнер тарихында елеулі орын алатын Кенес Дүйсекеевтің туғанына 80 жыл толуына арналған «Өмір әуені» атты іс-шара өткізілді. Іс-шара аясында балаларға арналған интерактивті бағдарлама ұйымдастырылып, кітапханашы қатысушыларды Кенес Дүйсекеевтің өмірі мен шығармашылық мұрасымен таныстырды. Балалар оның мәдениетке қосқан үлесі, шығармаларының маңызы және шығармашылықтың адам өміріндегі рөлі туралы мағлұмат алды. Қатысушылардың ерекше қызығушылығын тақырыптық материалдарды тамашалау, сондай-ақ мерейтой иесіне арналған кітап көрмесіндегі кітаптар мен басылымдармен танысу туғызды. Балалар талқылауға белсенді қатысып, сұрақтар қойып, өз әсерлерімен бөлісті. Іс-шара жылы әрі танымдық атмосферада өтіп, жас оқырмандардың дүниетанымын кеңейтуге, мәдениет пен өнерге деген қызығушылығын арттыруға ықпал етті.


Мемлекеттік бағдарламалар