"Жақсы ауданының Орталықтандырылған кітапхана жүйесі" - сізді мәдениетке жеткізеді!
Орталықтандырылған кітапхана жүйесі
Жақсы ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі
"Жақсы ауданының Орталықтандырылған кітапхана жүйесі" - сізді мәдениетке жеткізеді!
AA+
Орталықтандырылған кітапхана жүйесі
Жақсы ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі
Мекен - жайы: Ақмола облысы, Жақсы ауданы, Жақсы ауылы, Дружба көшесі, 14
Телефон:
+7 7143 33 89 26

2026 жылдың 5-ші ақпан күні Терісаққан ауылдық кітапханасының кітапханашысы ауылдық клубымен бірлесе Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына “Өмір өлеңмен өлшенеді” поэзиялық баттл өткізді. 
Поэзиялық баттл бірнеше кезеңнен тұрды:

«Жыр дес бермес...»: Қатысушылар ақынның отан, ана, махаббат және тіршілік тақырыбындағы өлеңдерін жатқа оқудан жарысты. Оқушылардың мәнерлеп оқу шеберлігі мен сахналық мәдениеті бағаланды. Интерактивті тақта арқылы «Сұрақ-жауап дуэлі» атты ақынның өмірбаяны мен шығармашылық кезеңдері бойынша викториналық сұрақтар қойылды. Қатысушылар Мұқағалидің «Аққулар ұйықтағанда», «Райымбек, Райымбек!» поэмалары бойынша білімдерін көрсетті.Іс-шара аясында «Ғасырдың ғаламат ақыны» атты кеңейтілген кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Мемлекеттік бағдарламалар