10 желтоқсанда Тарасов ауылдық кітапханасында орта топ балаларына арналған "Мәлік Ғабдуллин-Ұлы даланың мақтанышы" атты әдеби - шығармашылық кеш өткізілді.
Іс-шара барысында кітапханашы балаларды Кеңес Одағының Батыры, ғалым және жазушы Мәлік Ғабдулиннің өмірі мен шығармашылығымен таныстырды. Балалар оның Ұлы Отан соғысы кезіндегі ерлігі, Қазақ әдебиеті мен ғылымының дамуына қосқан үлесі туралы білді.
Іс-шараға қатысушылар әңгімелерді қызығушылықпен тыңдап, шығармалардан үзінділер оқыды. Кеш құрмет, мақтаныш және шабыт атмосферасында өтті.
