Балалар жазушысы Мұхамеджан Ермекбаевтің 90 жылдығын мерекелеу аясында Балалар кітапханасының қызметкерлері оқырмандардың орта тобына "Мұхамеджан салған ертегі соқпағы" атты әдеби оқу шеберханасын өткізді. Іс-шара барысында "Алатау ертегілері"жинағынан ертегілер оқылып, талқыланды. Жас оқырмандар шығармалардың кейіпкерлерімен танысты, ертегілердің мазмұны бойынша әңгімеге қатысты, викторина сұрақтарына жауап берді және өз әсерлерімен бөлісті.
