4 ақпанда Калининское ауылдық кітапханасында оқырмандардың ортаңғы топтары үшін қазақтың көрнекті ақыны Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына орай «Мұқағали Мақатаев мұрасы - мәңгілік мұра» тақырыбында ақпараттық сағат пен презентация өткізілді. Іс-шара барысында оқырмандарға ақынның өмір жолы мен шығармашылық мұрасы кеңінен таныстырылып, оның поэзиясындағы адамгершілік, отансүйгіштік, туған жерге деген сүйіспеншілік тақырыптары туралы айтылды.
Презентация барысында Мұқағали Мақатаевтың өмірінен сыр шертетін деректер, фотосуреттер мен бейнематериалдар көрсетілді.
