25 ақпан 2026 жылы Кима ауылдық кітапханасында орта топ оқырмандарына Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына орай «Мәңгілікке айналған сөз» атты танымдық сағат өткізілді. Іс-шара барысында кітапханашы оқырмандарды ақынның өмірі мен шығармашылығымен таныстырып, оның балалық шағы, ақындық жолының қалыптасуы туралы әңгімеледі. Оқырмандар ақын шығармаларынан үзінділер тыңдап, Жамбыл шығармашылығының неге «Дәуірдің тірі шежіресі» атанғанын және оның өлеңдері қиын-қыстау кезеңдерде адамдарға қалай рух бергенін білді. Катысты: 12 адам.
