2025 жылдың 29 қазаны күні Перекатное ауылдық кітапханасының кітапханашысы оқырмандармен «Әлия – біздің батыр» әңгіме сағаты өткізді.
Кітапханашы балаларға Әлия Молдағұлованың өмірбаяны, майдандағы ерлігі, батырлық жолы туралы баяндады. Шара барысында «Мәңгілік елдің қаһарман қызы», «Әлия – аңызға айналған ерлік» тақырыптарында материалдар көрсетілді.
Оқырмандар батырға арналған өлеңдер оқып, естеліктермен бөлісті. «Әлия – біздің батыр» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, ондағы әдебиеттерге шолу жасалды.
Іс-шара оқырмандардың жүрегіне патриоттық рух ұялатты