"Жақсы ауданының Орталықтандырылған кітапхана жүйесі" - сізді мәдениетке жеткізеді!
Орталықтандырылған кітапхана жүйесі
Жақсы ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі
"Жақсы ауданының Орталықтандырылған кітапхана жүйесі" - сізді мәдениетке жеткізеді!
AA+
Орталықтандырылған кітапхана жүйесі
Жақсы ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі
Мекен - жайы: Ақмола облысы, Жақсы ауданы, Жақсы ауылы, Дружба көшесі, 14
Телефон:
+7 7143 33 89 26

2025 жылдың 03 қарашасында Запорожье ауылдық модельді кітапханасында ұлы саяхатшы Григорий Потаниннің 190 жылдығына арналған «Ұлы саяхатшының ізімен» атты тарих сағаты өтті. Іс-шараға келген балалар зерттеушінің өмірі мен еңбегі туралы мәлімет алды. Кітапхана қызметкері Потаниннің Сібір мен Орталық Азияны зерттеу сапарлары жөнінде әңгімелеп, оның жүріп өткен бағытын көрсетті. Балалар этнографиялық зерттеулердің мәнін түсініп, ғалымның ғылымға қосқан үлесімен танысты. «Потанин экспедициясы» атты ойын-викторина өткізіліп, балалар қызығушылықпен сұрақтарға жауап берді. Белсенді қатысушы Забавко Регина «Жас зерттеуші» атағымен марапатталып, сертификат алды. Шара қызықты да танымдық түрде өтті.

<iframe width="100%" height="380" src="https://www.youtube.com/embed/y7Z_K_iTh4I" title="Ұлы саяхатшының ізімен" frameborder="0" allow="accelerometer; autoplay; clipboard-write; encrypted-media; gyroscope; picture-in-picture; web-share" referrerpolicy="strict-origin-when-cross-origin" allowfullscreen></iframe>

Мемлекеттік бағдарламалар