2026 жылдың 25 ақпанында Беловод ауылдық кітапханасында орта топ оқырмандарымен Жамбыл Жабаевтың 180 жыл толуына орай «Ұлы даланың жыршысы» атты әдеби портрет ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында балалар ақын-импровизатордың өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметті үлкен қызығушылықпен, ықыласпен тыңдап, көптеген тың деректерге қанықты, кітапхана қорындағы шығармаларымен танысты.
Жамбыл – эпикалық жырларды кеңінен таратқан жыршы, айтыс өнерінің хас шебері, данагөй ақын.