18 ақпанда Лозов ауылдық модельді кітапханасында 9 «А» сынып оқушыларына арнап Жанайдар Мусиннің 90 жылдығына орай «Өнегелі өмір жолы» атты библиографиялық шолу өтті. Іс-шара барысында қатысушылар жазушының кітаптарының мазмұнымен, оның шығармаларының негізгі тақырыптары мен идеяларымен таныстырылды. Сонымен қатар, Жанайдар Мусиннің өмірбаянындағы маңызды кезеңдер, оның Көкшетау қаласында қазақ тілінде оқытатын педагогикалық колледждің ашылуына қосқан үлесі, сондай-ақ қазақ әдебиеті мен қоғамдық ойдың дамуына сіңірген еңбегі туралы мәлімет берілді. Іс-шара «Көкшетаудың бір шыңы – Жанайдар Мусин» атты деректі фильмнің көрсетілімімен сүйемелденді.
