Ешім ауылдық кітапханасы Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған портрет- кешін өткізді. Шара барысында қатысушыларға батыр қыздың өмір жолы мен Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерлігі туралы мәліметтер ұсынылды. Бұл кеш жас ұрпақтың бойында патриоттық рухты тәрбиелеуге, ел тарихына деген құрмет пен қазақ халқының батырларына деген мақтаныш сезімін қалыптастыруға өз үлесін қосты
