8 сәуір күні Киев ауылдық кітапханасының кітапханашысы «Әлихан Бөкейхан: Ұлы дала мұрасы» атты әдеби-биографиялық экскурс өткізді.
Кітапханашы оқырмандар назарына көрнекті мемлекет қайраткері, ғалым әрі публицист — Әлихан Бөкейханның өмірбаянын ұсынып, оның көптомдық шығармалар жинағына шолу жасады. Сондай-ақ оқырмандарға автордың құнды тарихи құжаттары, мақалалары мен зерттеулері енген «Шығармалары / Сочинения» сериясының кітаптары таныстырылды. Балалар Ә. Бөкейханның ұлттық бірегейлікті қалыптастыру мен ғылымды дамытуға қосқан өлшеусіз үлесі туралы білді.
