12 маусым күні Жақсы аудандық кітапханасының кітапханашылары аудандық «Уәли» мешіті жанында ұйымдастырылған «Имани жаз» рухани-ағартушылық курсына қатысушы балаларға арналған «Өлеңмен өрнектелген мұра» атты әдеби фотосессия өткізді.
Іс-шара Жамбыл Жабаевтың «Ленинградтық өренім» өлеңінің 85 жылдығына және Ілияс Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасының 90 жылдығына арналды.