2026 жылғы 20 қаңтарда Қима ауылдық жасөспірімдер кітапханасында «Халық тірегі - Дінмұхамед Қонаев» атты тарихи-патриоттық сағат өткізілді. Іс-шара барысында кітапханашы Дінмұхамед Қонаевтың өмір жолы, мемлекеттік қызметтегі қызметі, жеке адамгершілік қасиеттері, сондай-ақ оның еңбектерінің республиканың экономикасын, ғылымы мен мәдениетін нығайтудағы маңызы туралы әңгімеледі. Кітап көрмесіне шолу жасалып, Дінмұхамед Қонаевтың өмірбаянынан танымдық деректер оқылды. Катысту: 11 адам.
