2025 жылғы 15 желтоқсанда Киров ауылдық кітапханасында Ұлы Отан соғысының даңқты қатысушысы, Халық қаһарманы, полковник, жазушы және ойшыл Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына арналған «Кеңес одағының батыры» атты портрет-көрме ұйымдастырылды.
Көрме аясында оқырмандарға көрнекті қолбасшының өмірі мен ерлік жолы туралы жан-жақты мәлімет ұсынылды.
Экспозицияда жазушының әдеби мұрасына да ерекше назар аударылды. Момышұлы шығармаларындағы көркем бейнелер арқылы ерлік, офицерлік ар-намыс, патриотизм, әскери тәртіп пен Отанға деген сүйіспеншілік тақырыптары кеңінен ашылады.
Көрме әр жастағы оқырмандардың қызығушылығын тудырып, жастардың бойында патриоттық сезім, тарихқа құрмет пен қазақ халқының ерлікке толы өткеніне деген мақтаныш сезімін қалыптастыруға ықпал етті.
