2025 жылдың 20 қазанында Кима ауылдық кітапханасы интернет пайдаланушылары үшін Әкім Таразидің «Қорқау жұлдыз» кітабына арналған бейнежарнама дайындады. Бейнеролик кітапхананың белсенді оқырманының әсерлі, шынайы пікіріне негізделіп жасалды. Оның мақсаты – кітапқа қызығушылықты арттырып, оқырмандар санын көбейту, кітап оқуды насихаттау. Эмоциялық әсерге толы, мазмұнды және көркем безендірілген бейнеролик көрермендердің назарын аударып, көпшілікке түсінікті әрі тартымды болды. Ролик кітапхананың әлеуметтік желідегі парақшаларында жарияланып, оң пікірлер мен көрілімдер жинап, кітапты насихаттауда тиімді құрал екенін көрсетті.