Киров ауылдық кітапханасында орыс жазушысы Иван Алексеевич Буниннің 155 жылдығына арналған «Күмістей сыңғырлаған сөз» атты әдеби сағат өтті.
Іс-шара барысында кітапханашы оқырмандарды жазушының өмірі мен шығармашылығымен таныстырып, оның әлемдік әдебиетке қосқан үлесі, ерекше лиризмге толы көркем тілі туралы баяндады.
Буниннің туған табиғатқа, махаббатқа және өткен шаққа арналған әңгімелеріне ерекше назар аударылды. Оқырмандар оның шығармаларынан үзінділер мен өлең жолдарын оқыды.
Әдеби сағат қатысушыларға классик жазушының рухани мұрасына тереңірек үңілуге мүмкіндік беріп, оның сөзінің «күмістей сыңғырын» сезінуге себеп болды.