10 қараша күні Киров ауылдық кітапханасында Кеңес Одағының Батыры, қоғам қайраткері, жазушы, ғалым Мәлік Ғабдуллинге арналған «Қазақтың қасиет қонған ардақтысы» атты еске алу кеші өтті.
Кітапханашы Мәлік Ғабдуллиннің өмір жолы, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерлігі, әдебиет пен ғылымдағы еңбектері және жастарға үлгі боларлық тағылымы туралы кеңінен әңгімелеп берді. Оның шығармалары мен қоғамдық қызметі қазақ халқының рухани байлығына қосылған үлкен үлес ретінде сипатталды.
Шара барысында «Кеңес Одағының Батыры Мәлік Ғабдуллин» атты көрме ұйымдастырылып, архивтік материалдар, фотосуреттер, кітаптар мен замандастарының естеліктері қойылды.
Іс-шараға Киров орта мектебінің ұстаздары мен оқушылары, ауыл тұрғындары қатысты. Қатысушылар жазушының шығармаларынан үзінділер оқып, оның азаматтық тұлғасы мен отансүйгіштігін ерекше атап өтті.
