14 қаңтар күні Қалинин ауылдық кітапханасында ортаңғы топ оқырмандары үшін «Қазақстан тарихы тұлғалар арқылы» тақырыбында тарихи пікірталас өткізілді. Іс-шара барысында жас оқырмандар қазақ тарихындағы көрнекті тұлғалар Қайым Мұхамедханов, Жамбыл Жабаев, Олжас Сүлейменов сынды ұлы тұлғалардың өмірі мен қызметі туралы ақпарат алды.Пікірталас кезінде олардың ел дамуына қосқан үлесі туралы өз ойларын ортаға салды. Оқырмандар тарихи деректерге сүйене отырып, қойылған сұрақтарға жауап беріп, өз көзқарастарын дәлелдеуге тырысты.
Іс-шара жасөспірімдердің тарихи танымын кеңейтіп, ел тарихына деген қызығушылығын арттырды.
