2026 жылғы 18 мамыр күні Олжас Сүлейменовтің 90 жылдығына орай Жаңақима модельді ауылдық кітапханасында "Қарапайымдылықтың асқақ даналығы" атты бір жазушының көрмесі өткізілді.
Іс-шара барысында кітапханашылар оқырмандарды белгілі қазақ ақыны, жазушысы, қоғам қайраткерінің өмірі мен шығармашылығымен таныстырды. Сонымен қатар, оның қазақ әдебиетінің дамуына қосқан үлесі, ең танымал шығармалары мен қоғамдық қызметі туралы айтылды.
Оқырмандар үшін жазушының кітаптары, өлеңдер жинақтары және шығармашылық жолына арналған материалдар қойылған кітап көрмесі безендірілді.
