Терісаққан ауылдық кітапханасының кітапханашысы Терісаққан орта мектебінде Ілияс Есенберлиннің 110 жылдығына орай "Әлемді қаламымен жаулаған" атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелдің басты мақсаты: қазақтың әйгілі жазушысы Ілияс Есенберлиннің өмірлік жолы арқылы патриотизм үлгісін көрсетіп, оның шығармаларының тарихи рөлін анықтау болады.
https://www.facebook.com/share/p/18MACSQLWm/
https://www.instagram.com/p/DEo-_GXoZ5R/?igsh=MW9vdzVmc2d5YTQ=
Қазақ классигі Ілияс Есенберлиннің 110 жылдығына орай Балалар кітапханасы оқырмандардың кең ауқымы үшін «Аты әлемге мәшһүр жазушы» атты әдеби - танымдық сағат өткізді. Іс-шара барысында оқырмандар Ілияс Есенберлиннің өмірбаянымен, "Қаһар", "Алмас қылыш", "Жанталас"шығармаларымен танысты.
Мақсаты-Ілияс Есенберлиннің шығармашылық қызметін таныстыру және насихаттау, қазақ әдебиетінің дамуына елеулі үлес қосқан жазушының жеке басына оқырмандардың назарын аудару.
https://www.instagram.com/p/DE6hBfuovRP/?igsh=aGU2MDI4d2VpMTU2
Киев ауылдық кітапханасында Ілияс Есенберлиннің 100 жылдығына арналған «Ілияс Есенберлин – Ұлы даланың даңқты перзенті» атты портрет - кеші.Шара Ілияс Есенберлиннің өмірбаяны мен шығармашылығынан басталды. Ілияс Есенберлиннің туған өлкенің сан ғасырлық тарихын жинақтап, көрсеткенін оқырман қауым ұқты. Ілияс Есенберлиннің айтқан негізгі ойы – «Көшпенділер» тарихи трилогиясы, онда ол өз жерлестерінің ерлік өткенін баяндады. Мақсаты: жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы кеңірек түсінік алу.
https://www.facebook.com/share/v/1A8vvvpnFD/
Лозовое модельді кітапханасы Ілияс Есенберлиннің 110 жылдығына орай Лозовое мектебінің ортаңғы топ оқушыларына «Жүйрік дәуір үні» атты әдеби эссе өткізді. Шара барысында балалар жазушының әдеби мұрасымен танысып, «Көшпенділер» және «Алтын Орда» трилогияларының жазылу тарихын білді. Іс - шараның мақсаты: Қазақ әдебиетінің әдеби мұрасын насихаттау, жазушының өмірі мен шығармашылығын таныстыру, еліміздің тарихи өткеніне құрметпен қарау сезімін тәрбиелеу.
https://www.facebook.com/share/p/15pxWykcj4/?mibextid=Nif5oz