Мәлік Ғабдуллиннің 110 жылдығына орай Балалар кітапханасының қызметкерлері Жақсы ауылының №1 жалпы білім беретін мектебінде “«Ерлік иесіне құрмет» тақырыбында тарихи портрет өткізді.
Іс-шара оқушыларды Кеңес Одағының Батыры, ғалым, жазушы және көрнекті қоғам қайраткері Мәлік Ғабдуллиннің өмірі мен ерліктерімен таныстыруға бағытталған.
Балаларға Ғабдуллиннің ерлігі, мен адами қасиеттері туралы айтылып, оның Қазақстан тарихы мен мәдениетіне қосқан үлесінің маңыздылығы аталып өтті.
Мұндай кездесулер отансүйгіштік сезімін, ұлттық батырларды құрметтеуге және олардың үлгісін ұстануға деген ұмтылысты тәрбиелеуге көмектеседі.
