12 ақпан күні Ешім ауылдық кітапханасы "Джалиль- ақын және соғыс қаһарманы" атты тарихи - әдеби экскурс өткізді. Іс - шара Мұса Джалильдің өмірі мен ерлігіне арналды. Шара барысында қатысушылар ақынның өмірбаянымен, шығармашылық жолымен, Ұлы Отан соғысы жылдарындаға ерлігімен және қайғылы тағдырымен танысты. Әсіресе батырлық пен отансүйгіштіктің символына айналған әйгілі "Моабит дәптерлеріне" ерекше назар аударылды. Іс - шара тарих пен әдеби мұраға құрмет сезімін қалыптастыруға және тәрбие беруге бағытталды.
