2026 жылдың 30 наурызында Беловод ауылдық кітапханасында орта топ оқырмандарымен Ыбырай Алтынсариннің 185 жыл толуына орай «Даланың дара ұстазы – Ыбырай Алтынсарин» атты әдеби сағат өткізілді.
Іс-шара барысында оқырмандар Ыбырай Алтынсариннің өмір жолы, ағартушылық қызметі және қазақ халқы үшін атқарған еңбектері туралы мәлімет берілді. Сонымен қатар оның шығармалары мен еңбектерінен тұратын кітап көрмесі таныстырылды. Оқушылар жазушының шығармаларынан үзінділер оқып, олардың тәрбиелік мағынасына тоқталды. Сұрақ-жауап ұйымдастырылып, оқушылар өз ойларын айтып, пікір алмасты. Қатысушылар ағартушының еңбектерінің маңыздылығын атап өтті.