2025 жылдың 16 сәуірінде әл - Фарабидің 1155 жылдығына орай Жаңақима ауылдық модельді кітапханасы «Оның мұрасын тарих сақтайды» атты тарихи - танымдық іс - шара өткізді.
Шарада оқырмандар адамзаттың ұлы ойшылы, философ, ғалым әрі энциклопедист Әбу Насыр әл - Фарабидің өмірі мен шығармашылығымен, рухани және ғылыми мұрасымен танысты. Дәл осындай атаумен кітап көрмесі өтіп, 27 кітап қойылды. Қатысты - 16 адам.